Өңірлер

Маңғыстау облысында жылу маусымына дайындық кесте бойынша жүргізілуде

Маңғыстау облысында алдағы күз-қыс мезгіліне дайындық бекітілген кестелерге сәйкес жүргізіліп жатыр. Бұл туралы өңір басшысы Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен жылу маусымына дайындық мәселелері жөніндегі жиын барысында белгілі болды.
Маңғыстау11 Тамыз , 20:47

Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, 2017-2018 жылдың күз-қыс мезгілінде еліміздің тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтау үшін 12 энергоблокты, 61 энергетикалық қазандықты және  49 турбинаны күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындау көзделген.  

Сонымен қатар, жиын барысында отын (көмір және газ) жинақтау мәселелері көтеріліп, қарыз, автономды жылыту жүйелеріне қатысты мәселелер де қозғалды. 

Жергілікті атқарушы органдар ТКШ объектілерінде құрылыс нормалары мен ережелері бұзылып орнатылған автономды қазандықтарды шығару жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеген. Жалпы 2017-2019 жылдары 700-ден астам автономды жылыту жүйелерін шығару жоспарланып отыр. 

Бұдан бөлек, өңір басшысы электр энергиясын үнемдеу қажеттігін атап өтіп, басқарма басшыларына электр қуатын барынша үнемдеу үшін шаралар қабылдап, жоспарлар әзірлеуді тапсырды. 




Яндекс.Метрика