- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде әлемдік деңгейдегі заманауи диагностика орталығы құрылады
Ақтөбеде әлемдік деңгейдегі заманауи диагностика орталығы құрылады
Check-up заманауи диагностикалық орталығын ашудағы мақсат – түрлі ауруларды ерте және уақытында диагностикалау, өңірдегі мамандардың біліктілік деңгейін арттыру, диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін енгізу болып табылады.
Бұдан басқа, адамның денсаулық жағдайына 3-4 сағаттың ішінде зертханалық және аппараттық диагностиканы қосқанда толық, кешенді диагностика жүргізіледі деп күтілуде. Жануарларға зерттеу мен ота жасайтын оқу зертханасы әлемдегі оқытудың заманауи стандарттарына сәйкес келетін хирургия бағытындағы дәрігерлердің кәсіби машығын қадамдық дамыту үшін, жануарлаға түрлі ғылыми зерттеулер жүргізуге қажет.
«Қысқа мерзім ішінде облыс басшылығының жан-жақты қолдауының арқасында біз орталықтарды ашу жұмысына кірісуге дайынбыз. Ақтөбедегі медицина орталығында бұл үшін барлық жағдай жасалған,-деп атап өтті Сеул ұлттық университетінің хирургия профессоры Кванг-Вунг Ли облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесуде.
Атап өтер болсақ, облыстың медицина мекемелері кореялық Каннам Северанс емханасымен тығыз қарым-қатынас жасайды. Тәжірибе алмасу аясында өткен оқытулар мен шеберлік сабақтарының арқасында ақтөбелік дәрігерлер бауыр мен бүйрек алмастыру оталарын өз беттерімен жүргізуде.
«Кластердің қызмет етуі бізге халық өмірінің ұзақтылығын арттырып, өлім-жітім көрсеткішін азайтып қана қоймай, сонымен қатар, барлық батыс өңірі тұрғындарының өмір сапасын арттыруға да мүмкіндік береді. Сөйтіп, біз елбасының алдымызға қойған тапсырмаларын да тиімді шешеміз. Бұл ретте бізге сіздердің ерте сатыдағы ауыр сырқаттарға диагностика жасаудағы тәжірибеңіз пайдалы. Екі ай бұрын біз заманауи диагностика орталығы мен зерттеу жүргізудің оқу зертханасын ашып, жануарларға ота жасауға келіскен болатынбыз. Бұл үшін Ақтөбеде заманауи құрал-жабдықтар бар, дәрігерлеріміздің біліктілігі қажетті талаптарға сәйкес келеді»,-деді Бердібек Сапарбаев.
Кездесу соңында Ақтөбе облысы әкімдігі мен Сеул ұлттық университетінің госпиталі арасында маңызды жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Әлемдегі COVID-19: Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында -
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция -
Экстремизм мен терроризм: Әлемдік қауіппен күрес қызметі жайлы -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді