Ұлттың денсаулығы

Ақтөбеде әлемдік деңгейдегі заманауи диагностика орталығы құрылады

Ақтөбеде әлемдік деңгейдегі заманауи диагностика орталығы құрылады, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігі.
Ақтөбе11 Тамыз , 17:16

Check-up заманауи диагностикалық орталығын ашудағы мақсат – түрлі ауруларды ерте және уақытында диагностикалау, өңірдегі мамандардың біліктілік деңгейін арттыру, диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін енгізу болып табылады.

Бұдан басқа, адамның денсаулық жағдайына 3-4 сағаттың ішінде зертханалық және аппараттық диагностиканы қосқанда толық, кешенді диагностика жүргізіледі деп күтілуде. Жануарларға зерттеу мен ота жасайтын оқу зертханасы әлемдегі оқытудың заманауи стандарттарына сәйкес келетін хирургия бағытындағы дәрігерлердің кәсіби машығын қадамдық дамыту үшін, жануарлаға түрлі ғылыми зерттеулер жүргізуге қажет.

«Қысқа мерзім ішінде облыс басшылығының жан-жақты қолдауының арқасында біз орталықтарды ашу жұмысына кірісуге дайынбыз. Ақтөбедегі медицина орталығында бұл үшін барлық жағдай жасалған,-деп атап өтті Сеул ұлттық университетінің хирургия профессоры Кванг-Вунг Ли  облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесуде.

Атап өтер болсақ, облыстың медицина мекемелері кореялық Каннам Северанс емханасымен тығыз қарым-қатынас жасайды. Тәжірибе алмасу аясында өткен оқытулар мен шеберлік сабақтарының арқасында ақтөбелік дәрігерлер бауыр мен бүйрек алмастыру оталарын өз беттерімен жүргізуде.

«Кластердің қызмет етуі бізге халық өмірінің ұзақтылығын арттырып, өлім-жітім көрсеткішін азайтып қана қоймай, сонымен қатар, барлық батыс өңірі тұрғындарының өмір сапасын арттыруға да мүмкіндік береді. Сөйтіп, біз елбасының алдымызға қойған тапсырмаларын да тиімді шешеміз. Бұл ретте бізге сіздердің ерте сатыдағы ауыр сырқаттарға диагностика жасаудағы тәжірибеңіз пайдалы. Екі ай бұрын біз заманауи диагностика орталығы мен зерттеу жүргізудің оқу зертханасын ашып, жануарларға ота жасауға келіскен болатынбыз. Бұл үшін Ақтөбеде заманауи құрал-жабдықтар бар, дәрігерлеріміздің біліктілігі қажетті талаптарға сәйкес келеді»,-деді Бердібек Сапарбаев.

Кездесу соңында Ақтөбе облысы әкімдігі мен Сеул ұлттық университетінің госпиталі арасында маңызды жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.




Яндекс.Метрика