Астанада халықаралық жастар күніне орай форум-кафе өтті

11 Тамыз, 2017 16:25
Өзгеше форматтағы кездесу – форум-кафе, Астанадағы Конгресс-орталықтың ғимаратында халықаралық жастар күніне орай өтті. Аталмыш шараны Қазақстандағы БҰҰ өкілділігі ұйымдастырды.

Халықаралық жастар күні 12 тамызда аталып өтеді. Кафе-форумның мақсаты – бейбітшілікті нығайту мен жаһандық дамуға жастардың үлесін қосу, жастар мен Үкімет, білім беру институттары, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың арасындағы байланысты кеңейту.  

«Менің ойымша, Мемлекет басшысы жастар үшін жан-жақты жағдай жасауда.  Сөзсіз, бүгінгі жастар игі істерді лайықты жалғастыра білуі тиіс. Осы ретте, Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласы жас мемлекетті дамытуда нақты бағыттар береді», - деп адам өтті ҚР дін істері азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов.

Сонымен, форум барысында қатысушылар энерготиімді өмір салтын және тұрақты дамуды насихаттаудағы жастардың рөлін талқылады.

Шара соңында қатысушылар Астанада Халыаралық жастар күні бойынша декларация қабылдауды жоспарлап отыр.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар