Өңірлер

Алматыда жаңа арық желілерін салу жұмыстары жалғасуда

Алматыда биылғы жылы ұзындығы 14,7 км арық желілері салынып, 52 көшедегі 42,2 км арық қайта жасалуда. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары аясында қаланың арық желілерін салу мен қайта жасау, сонымен қатар арна аңғарларын мықтылау жұмыстарының барысын тексерді.
Нұр-Сұлтан11 Тамыз , 16:57

Қала әкімдігінен хабарлағандай, ұзындығы 14,7 км болатын жаңа арық салумен қатар 57 көшедегі ұзындығы 42,2 км болатын арық жүйесі жаңартылды, сегіз аудан әкімдігінен ұзындығы 500 км болатын 488 көшеде жаңа арықтар мен жауын канализацияларын салудың ЖСҚ дайындау үшін өтінімдер түскен.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында «Кіші Алматы» өзені ағып өтетін Жетісу ауданындағы Волочаевская көшесі бойындағы су аңғарларын және Медеу ауданындағы Таиров көшесі мен Бостандық ауданындағы «Бағанашыл» ықшам ауданындағы биік беткейлерді мықтылау жұмыстарын да тексерді. Бұл учаскелерде габионды конструкциялардан жасалған қорғаныс қабырғалары орнатылып, жер асты жұмыстары жүріп жатыр.

Бұдан басқа, шаһар басшысы Наурызбай ауданындағы әкімшілік орталықтың және әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын, сонымен қатар Қарғалы өзені бойының абаттандырылуын тексерді.




Яндекс.Метрика