- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Ұлттық кітапханасына Базиликата символы сыйға тартылды
ҚР Ұлттық кітапханасына Базиликата символы сыйға тартылды
Матера қаласының атынан сыйлық болып табылатын объект енді Ұлттық академиялық кітапханада орын алады.
«Осы сыйлық қызықты идеяға уәждеме болады деп сенемін. Бұл - әлемдегі ең ежелгі қалалардың бірі Матера қаласының символы. Қаланың құрылғанына 8 мың жылдан астам уақыт болған. Онда адамдар палеолит кезеңінен бастап тұрып келеді», - деді С. Раваньян.
Ұлттық академиялық кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаева күтпеген сыйлық үшін алғыс білдіріп, Матера қаласын көруге ниет білдірді.
Айта кетейік, Матера қаласы өзін 2019 жылы Еуропалық мәдениет астанасы ретінде танытпақ.
Объект Матера қаласы Базиликата өңірінде ғана емес, сонымен қатар еуропалық деңгейде де мәдени, тарихи және көркемөнер тұрғысынан дамытып келе жатқан жаңа бағыт болып табылады. Оның прототипі әр түрлі материалдардың қолданылуымен орындалған. Сфералық сыртқы бөлігі лазермен қалыптастырылған, қайта өңделген екі толқынды картоннан тұрады.
Матераның үңгірлі үйлер орналасқан ескі бөлігі ЮНЕСКО дүниежүзілік мұра объектісі болып табылады.
Ақбота Күзекбай
Автордың суреті
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды