Қарағандыда кондитерлік фабрика қайта жанданбақ

11 Тамыз, 2017 14:32
Қарағандыда кондитерлік фабриканы жандандыру жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Ғалымжан Жұмасұлтанов мәлімдеді.

Құны 20 млрд теңгені құрайтын Қарағанды кондитер фабрикасын жандандыру жобасы құрылды. Оны мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асыру келесі жылда басталуы мүмкін.

"Ондағы жабдықтар 60-70-ші жылдарда орнатылған. Әбден тозығы жеткен. Фабриканың жаңа иелері өндірісті толықтай жандандыруды ұсынып отыр. Бизнес-жоспар да құрып қойған. Жоба шамамен 20 млрд теңгені қажет етеді", - деді Ғалымжан Жұмасұлтанов.

Басқарма басшысы кәсіпорынның басқа салаға ауыстырылатыны туралы сыбысты жоққа шығарды. 

Оның айтуынша, Премьер-министр облысқа іс сапармен келгенде бұл кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсету керектігі туралы сөз қоғалды. Кәсіпкерлікті қолдау Картасы шеңберінде бұл жоба алға жылжуда. 

 

Барлық жаңалықтар