- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда білім грантына қалай қол жеткізуге болады
Қазақстанда білім грантына қалай қол жеткізуге болады
Айта кетейік, студенттер мен талапкерлерге оқу ақысын төлеуде қолдау көрсету мақсатында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі енгізілген еді. Оның шеңберінде студенттің атына жылдық 10%-дан басталатын пайыздық мөлшермен 12 жылға дейін кепілзатсыз кредит ресімдеуге болады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» кепілгер ретінде өкілеттік етеді.
Қаржы орталығының кепілдігімен білім беру кредиттерін талапкерлерге де, Қазақстанның барлық ЖОО-лары мен колледждерінің барлық оқу нысандары бойынша студенттеріне де алуға болады.
Қазіргі уақытта білім беру кредиттерін Қаржы орталығының серіктес банктерінде әр түрлі шартарда беріледі.
«Бағдарламаның әрекет ету географиясы кең, серіктес банктер Республиканың барлық өңірлерінде жұмыс істейді. Кредиттерді беру механизмі бірдей: қарыз алушы банкке барып, консультация алады, ресімдеуге қажетті құжаттарды жинап, оларды банкке тапсырады. Білім беру кредиті қажеттілігіне қарай әр семестр немесе жыл сайын оқу орынның есепшотына аударылады», - деп хабарлады орталықта.
Қаржы орталығының кепілдігімен білім беру кредитін алу үшін бір немесе екі қосалқы қарыз алушы қажет. Бұл жағдайда қосалқы қарыз алушының төлеу қабілеттілігі, яғни негізгі жұмыс орны бойынша алған табыстары ескеріледі.
Кредиттің сомасы шектелмейді, бастысы, оқудың барлық кезеңдері үшін оқу құнынан аспауы тиіс.
Айта кетер жайт, бағдарлама бойынша жеңілдікті кезең бар, яғни оқу кезінде және оқу аяқталғаннан кейін 6 айға кредитті төлеу мерзімі шегеріледі. Кредиті мерзімінен бұрын өтеу кез келген уақытта айыппұл санкцияларынсыз жүзеге асыралады.
Білім беру кредиттерін кепілдендіру мемлекеттік бағдарламасының арқасында студент өз күшімен өз болашағын жоспарлай алады.
«Ал балаларының табысты болашағын жас кезінен бастап жоспарлауға және оқуға ақы төлеумен қиналмайтын адамдарға мемлекеттен ақша ала отырып, Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі шеңберінде білім депозитіне болашақ оқытуға қаржы жинауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2017/2018 жылдарға арналған грант иелерінің тізімі жарияланған болатын.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі