- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысы мен Тичино кантоны арасында меморандумға қол қойылды
Алматы облысы мен Тичино кантоны арасында меморандумға қол қойылды
Төраға Қазақстан Швейцарияны Еуропадағы маңызды әріптес ретінде қарастыратынын, елдеріміз арасында сындарлы саяси үнқатысу қалыптасқанын атап өтті.
Төрағаның пікірінше, Президент Н.Назарбаевтың Швейцария басшысымен алдағы келіссөздерінің екі ел арасындағы ынтымақтастықты өрістетуде маңызы зор. Тараптар парламентаралық ынтымақтасты тереңдетудің келешегін талқылады.
Қ.Тоқаев Ф.Ломбардиді Сенат сайлауының нәтижелерімен таныстырып, оның барысында Парламенттің жоғарғы Палатасына 16 депутат сайланғаны айтылды. Сайлауды байқауға халықаралық және отандық 518 байқаушы, еліміздегі және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 244 өкілі қатысты.
Жүздесушілер халықаралық күн тәртібін, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сенат Төрағасы Орталық Азиядағы суға қатысты жобаларды қолдағаны үшін Швейцарияға ризашылығын білдірді. Осыған байланысты Қ.Тоқаев ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында су ресурстары жөніндегі бірлесіп ұйымдастырылған аймақтық конференцияның маңыздылығына тоқталды.
«Шара Орталық Азиядағы су ресурстары жөніндегі үнқатысуларды институттандыру мүмкіндіктерін зерделеу үшін ерекше алаң болды», - деп атап өтті Сенат басшысы.
Әңгіме барысында Қазақстан мен Швейцария аймақтарының ынтымақтастығын дамытудың келешегі де талқыланды. Алматы облысы мен Тичино кантоны арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум екі мемлекет арасында достық қатынастарды дамыту үшін оң ықпал етеді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер