К.Шәмшидинова: Біз оқытуды құндылыққа айналдыруымыз керек (ВИДЕО)

11 Тамыз, 2017 10:21
Елорда әкімдігінде өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі сараптамалық топ отырысының барысында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова Қазақстанда орта білім бойынша оқытуды қалай дұрыс ұйымдастыру керектігі жайында айтып берді.

«Қазақстанда орта білім бойынша оқытуды дұрыс ұйымдастыру тұрғысында көп жұмыс атқарылып жатыр. Мысалы, қазіргі заманның сын-тегеуріндері тұрғысында қазақстандық білім мазмұнын жаңарту. Адамзаттың дамуының жаңа кезеңі ақпараттың жаһандануымен сипатталады. Бүгінде ақпаратты дайындау мен жеткізуді сақтау тұжырымдамасының өзі өзгерген. Біз қазіргі заманда бірінші сыныпқа баратын бала есейген өмірге дайын болуы тиіс екенін түсінуіміз қажет», - деді НЗМ басшысы.

Күләш Шәмшидинованың айтуынша, Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша 2025 жылға дейін әлемдік экономиканың 46%-ы цифрлық ортада болады деп күтілуде. Бүгінгі күні бұл цифра  10%-ды құрайды.

«Мамандардың пікірінше, 2020 жылға дейін цифрлық Әлем  44 Зеттабайтқа жетпек, бұл 2013 жылға қарағанда 10 есе артық. Барша адамзатқа қолжетімді ақпараттың 90%-ы соңғы бес жылда пайда болған», - деп атап өтті ол.

Спикер мектеп оқушылары ғана емес, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалар да қазіргі заманның жаңа сын-тегеуріндеріне дайын болуы тиіс екенін мәлім етті.    

«Балаларды біз оқыған оқу бағдарламалары бойынша оқыту жеткіліксіз. Бүгінгі таңда қолданыстағы бағалау жүйесі де жеткіліксіз. Бүгінде бағалау құндылық болып табылады. Біз оқытуды құндылыққа айналдыруымыз керек, сондықтан, бағалау оқыту құндылығына жұмыс істеуі тиіс. Біздің қазақстандық білім беру жүйеміз бүгінгі күні балаларымыз ертеңгі заманауи сын-тегеуріндерге дайын болуы үшін өте үлкен жұмыстарды атқарып жатыр», - деп қорытты Күләш Шәмшидинова.

Ақбота Күзекбай

Видео Арман Мұхатов

Барлық жаңалықтар