- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2017 жылғы грант иегерлері анықталды
Қазақстанда 2017 жылғы грант иегерлері анықталды
«Білім гранттары иегерлерінің тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының, сонымен қатар, республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады», - деді Б.Асылова.
Осы жылы соңғы 5 жыл ішінде алғаш рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда бакалавриатта 6230 орынға көбейген. Осылайша 2017-2018 оқу жылына білім гранттарының саны 37 932 грантқа дейін өсті, оның ішінде халықаралық келісімдер бойынша шетел азаматтарын оқытуға, Назарбаев Университетінде студенттерді оқытуға және тағы басқалары бар.
«Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жіберілген жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілген. Білім грантын тағайындау конкурсына 63 169 адам қатысты, оның ішінде 49 858 адам – қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 13 311 адам – орыс тіліндегі оқу бөліміне тапсырған», - деді ол.
Айта кетейік, ҚР-дағы жаңартылған бағдарлама бойынша 4 мың ұстаз жұмыс істейтін болады. БҒМ ағылшын тілін білетін ұстаздардың жалақысы 200%-ға өсетінін айтты.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды