• Басты
  • Жаңалықтар
  • СІМ мен «KAZAKH INVEST» экспортты насихаттау бойынша жаңа қолдау шараларын жасақтауда

СІМ мен «KAZAKH INVEST» экспортты насихаттау бойынша жаңа қолдау шараларын жасақтауда

10 Тамыз, 2017 18:53
ҚР СІМ мен «KAZAKH INVEST» АҚ арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Қабашев қол қойды.

Құжаттың басты мақсаты Қазақстан Республикасына тікелей шетелдік инвестицияларды көптеп тартуға және экспортты насихаттауға бағытталған.

Сонымен, ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Қабашевпен кездесуі барысында инвестициялық-экспорттық бағыттардағы өзара іс-қимылды күшейту, шетелде бірлескен ақпараттық-имидждік жұмысты жүргізу, шет елдердегі «Kazakh Invest» өкілдіктерінің қызметін атқаруы мен жаңаларын ашу, сондай-ақ Қазақстанда және шетелде инвестициялық форумдарды өткізу бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері талқыланды.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы ҚР Премьер-Министрі Директорлар Кеңесін басқаратын ҚР Үкіметі құрған ұлттық компания инвестицияларды тарту мен экспортты ілгерілетуге жаңа серпін беруге жұмылдырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, министрлік пен ұлттық компания алдарында тұрған тапсырмалардың ортақтығын айтып өтті. Осыған орай, бірлесе ұйымдастырылған жұмысты жүргізу мен өзара іс-қимылды күшейту қажеттілігін атап өтті.

Жалпы, министрліктің әлеуеті «Kazakh Invest» ҚР-дың шет елдердегі мекемелерін қоса алғанда сыртқы саяси ведомствоның шет елдерде және Қазақстанда барлық қажетті жәрдем көрсету дайындығы айтылды. Осы жұмыстың маңызды элементі ретінде «Kazakh Invest» АҚ-нің шетелдік өкілдері мен ҚР-дың шет елдердегі мекемелерінің шетелдік бизнес-қауымдастықпен бірлескен жұмысы күшейтіледі, «Kazakh Invest» АҚ-ны ілгерілету бойынша 2017 жылға арналған Жоспарының негізінде Қазақстанның инвестициялық климатын ілгерілету бойынша бірлескен ақпараттық-имидждік жұмыс атқарылады.

«Kazakh Invest» басшысы өз кезегінде ұлттық компанияның қызметіне көрсетілген жәрдем үшін Министрге «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ-тың Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде де алғысын білдірді, сонымен қатар шетелдік инвесторлармен күнделікті жұмыста іс-қимылды одан әрі бекітуге үмітін білдірді.

Акбота Кузекбай

Барлық жаңалықтар