2013 жылы Астанада ШОБ өнімінің көлемі 1 трлн теңгеден асты

31 Желтоқсан, 2013 14:57
2013 жылдың қорытындысы бойынша, Астанадағы шағын және орта бизнестегі тауар айналымы көлемі 1 трлн теңгеден асты, деп мәлімдеді Астана қаласы әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков КҚКО ашылу салтанатында.

«Қазіргі кезде кәсіпкерліктің шағын және орта бизнес секторында елордада шамамен 170 адам анықталды. Сонымен қатар 2013 жылдың қорытындысы бойынша, Астанадағы шағын және орта бизнестегі тауар айналымы көлемі 1 трлн теңгеден асты», - деді әкім орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада кәсіпкерлерге тегін кеңес беретін, мемлекеттік бағдарламалар жайлы мағлұмат ұсынып, бастауыш кәсіпкерлерге жол көрсететін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды.

 

Барлық жаңалықтар