• Басты
  • Астанада жыл соңына дейін 4 мектептің құрылысы басталады

Астанада жыл соңына дейін 4 мектептің құрылысы басталады

10 Тамыз, 2017 19:14
Астанада жыл соңына дейін 4 мектептің құрылысы басталады, деп хабарлады Астана қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әнуар Жанғозин ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

Елордада 95 жалпы білім беру мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде 84-і мемлекеттік және 11-і  жекеменшік мектеп.

«Биыл жаңа оқу жылында Астанада өңірлерден келген 23 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды, оның 17 мыңға жуығы - бірінші сынып оқушылары. Осыған байланысты, қазір мектептерге қосымша нысандар салу құрылысы аяқталуда. Оларды пайдалнуға 2017-2018 оқу жылының басында беру жоспарланған. Бүгінгі таңда 6 мектеп құрылысы басталды. Жыл соңына дейін тағы 4 білім ордасының құрылысы басталады, - деп мәлімдеді Астана қаласы білім басқармасы басшысының м.а.Әнуар Жанғозин. 

Ол атап өткендей, былтырғы оқу жылында жалпы білім беру мектептерінің 1 сыныптары жаңартылған білім мазмұнына көшті.

«Көшу бірінші кезекте ұстаздар үшін оңай болған жоқ. Жаңартылған мазмұн сабақ беру тәсілін өзгертуді талап етті. Әр сабақта педагогтар критикалық және сараптамалық ойлауды дамытуға бағыттау технологияларын қолдану керек. Ең маңызды құрам критериялық бағалау жүйесі болады, ол білім мекемесінің ашықтығын қаматамсыз етуге мүмкіндік береді. Білім берудің жаңартылған мазмұнын жүзеге асыру үшін қалалық мұғалімдер кеңесі құрылды», - деді Әнуар Жанғозин. 
 

2017-2018 оқу жылында 1, 2, 5, 7 сыныптардағы жаңартылған бағдарлама бойынша 4149 мұғалім жұмыс істейді. Педагогтардың 75 пайызы оқытудан өткен. Тағы 156 бастауыш сыныптардың ұстаздары және 787 пән мұғалімдері 2017 жылдың соңына дейін курстан өтеді. 25 мектепте қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көптілділік оқыту енгізілген, 99 ұстаз жаратылыстану-математика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды сәтті жүзеге асыруда, 19 мектепте екі шет тілін оқыту енгізілді.

Барлық жаңалықтар