- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада балалардың 70,6%-ы мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтылған
Астанада балалардың 70,6%-ы мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтылған
Бүгінгі күні Астана қаласының білім беру жүйесін 422 ұйым құрайды. Оның ішінде мектепке дейінгі білім – 264, орта білім – 95, НЗМ (3 мектеп), РФММ, техникалық және кәсіптік білім – 34, арнайы білім – 13, қосымша білім - 12.
Әнуар Жанғозин ақпараттандырғандай, жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі 70,6% құрайды.
«Жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі 70,6% құрайды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштің 5,7 %-ға ұлғайғанын көрсетеді. Бұл индикаторға 440 орынға арналған екі балабақшаның ашылуының арқасында қол жеткізілді, сондай-ақ Ұлттық компаниямен меморандум жасау арқылы 240 орынға арналған балабақша ашылды. Кәсіпкерлерді тарту бойынша үлкен жұмыс атқарылды, нәтижесінде, 3949 орынға арналған 44 мектепке дейінгі жеке меншік мекеме ашылды», - деді білім басқармасының өкілі.
Осылайша, ағымдағы жылы мемлекеттік білім тапсырысы 15 900 теңгеден 23 000 теңгеге дейін өскен, ата-аналар ақысы 23 000 теңгеден 20 800 теңгеге дейін төмендеген. Бұл фактор жеке меншік балабақшаларды дамыту үшін стимул болып, балаларды қамтуды ұлғайтуға ықпал етті.
«2017 жылы 480 орынға арналған екі мемлекеттік және Астана қаласының әкімдігі мен Ұлттық компаниялар арасындағы меморандум шеңберінде 720 орынға арналған үш балабақша ашу жоспарланып отыр. Балабақшалардың құрылысы бойынша жеке меншік әріптестерді анықтау бойынша конкурс өткізілді. Қазіргі уақытта МЖӘ аясында 6 жоба іске асырылуда», - деп ақпараттандырды ол.
Осылайша, 2019 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен 100% қамту жоспарлануда.
-
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты -
IV тоқсандағы оқу форматы мен мектепке қабылдау тәртібі -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
Қазақстандағы COVID-19: қазіргі эпидахуал, вакцинация, жыл соңына дейінгі болжам -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар -
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды -
Үшінші тоқсанда бітіруші сынып оқушылары мектепке барады -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Мектепке жұмысқа тұру үшін ақша төлеуді талап ететін аудандар бар - Р. Гасанов -
Мектепке барып оқу қашан басталады