- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтеді
Маңғыстау облысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтеді
Министрлік өкілдері жұмысын Түпқараған ауданынан бастап, халықпен кездесу өткізеді және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Жұмыс тобының мүшелері халықпен жүздесу барысында Қазақстанның бүгінгі зейнетақы жүйесі туралы әңгімелеп, 2018 жылдан базалық зейнетақыны тағайындаудағы өзгерістер жайына тоқталады. Соңғы шешім қазақстандық азаматтарға қазіргіге қарағанда көбірек зейнетақы алуға мүмкіндік береді.
ҚР ЕХӘҚМ хабарлағандай, министрліктегі құрылымдық бөлімше мамандары халықты жұмыспен қамту саласында мемлекет тарапынан қарастырылған мүмкіндіктер жайын қозғап, әлеуметтік көмек көрсету мен бос жұмыс орындарына бағыттаудағы техникалық-өндірістік білім беру ұйымдарында тегін оқыту сияқты қолдау шараларын тарқатады.
Еске сала кетейік, бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өткен болатын. Іс-шараның мақсаты - қазақстандықтардың еңбек заңнамасы саласындағы құқықтарын және мемлекеттен әр түрлі көмек алу мүмкіндіктерін түсіндіру.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы