- Басты
- Жаңалықтар
- Астана мектептерінде 46 робототехника кабинеті ашылады
Астана мектептерінде 46 робототехника кабинеті ашылады
Астананың 95 жалпы білім беру мектебі бірінші сыныпқа баратын балаларды қабылдауға дайын. Астана қаласы білім басқармасының мәліметі бойынша, елордада оқушылар орындарының жетіспеушілігі орын алуы мүмкін.
«Осыған орай, қазір мектептерге 5 қосымша құрылыс аяқталуға жақын, оларды 2017-2018 оқу жылының басында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 6 мектептің құрылысы басталды, жыл соңына дейін тағы 4 мектептің құрылысы басталады», - деді Ә. Жанғозин.
Оның айтуынша, өткен оқу жылында жалпы білім беру мектептерінің барлық 1-ші сыныптары жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен болатын.
«Әрбір сабақта мұғалімдер сыни және аналитикалық ойлау қабілетін дамытатын технологияларды қолдануы тиіс. Бағалаудың критерийлік жүйесі өте маңызды компонент болып табылады, ол білім беру ұйымдарының ашықтығына ықпал етеді. Оқытудың жаңартылған мазмұнын сәтті іске асыру үшін қалалық мұғалімдер кеңесі құрылды», - деп атап өтті Ә. Жанғозин.
Сондай-ақ, 2017-2018 оқу жылында жаңартылған бағдарлама бойынша 1, 2, 5, 7 сыныптарда 4149 мұғалім жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Педагогтердің 75%-ы курстарды өтті. Тағы 156 бастауыш сынып мұғалімі мен 787 пән мұғалімі 2017 жылдың желтоқсан айына дейін курстардан өтпек.
Бұдан бөлек, отандық тарих пен география, әдебиет бойынша сабақтарды мұражайларда өткізу жоспарлануда. Жаңа оқу жылында Астана мектептерінде 46 робототехника кабинеті ашылады.
-
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары ашылады -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттай алады, талаптары қандай/Кімдер ПТР тест тапсыруы тиіс -
17 тамыздан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдейді: Қандай нысандар ашылады -
COVID-19: 6 тамыздағы басты жаңалықтар -
Astana Hub пен ЮНИСЕФ әлеуметтік IT-жобалар конкурсының қорытындысын шығарды -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Тель-Авивте Астана күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті -
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты