- Басты
- Жаңалықтар
- Туристік аймақтарға апаратын автожолдар жөндеуден өткізіледі
Туристік аймақтарға апаратын автожолдар жөндеуден өткізіледі

Компанияның ақпараты бойынша, Алакөл өзеніне қарай ұзындығы 763 шақырым Талдықорған-Өскемен автожолын қайта құру басталды. Бүгінгі күні Бас мердігермен толық аяқтау бойынша шартқа қол қойылған. Жобаны толық аяқтау 2021 жылға жоспарланған. Жоба халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы ұзындығы 180 шақырым Үшарал-Достық жобасы бойынша қайта құру басталады. Қазіргі уақытта «толық аяқтау» шартына қол қою рәсімдері жүруде. Жоба 2017-2020 жылдар аралығында республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 2018 жылы ұзындығы 177 шақырым Таскескен-Бақты автожолын қайта құруды аяқтау жоспарлануда.
"Жоғарыда аталған жобалардың жүзеге асуы, Алматы-Талдықорған учаскесіндегі аяқталған жұмыстарды ескере отырып, Алакөл өзеніне Алматыдан да, Өскемен және Семейден де көлік құралдарымен жайлы жүріп өтуге жағдай жасайды", - деп түсіндірді "ҚазАвтоЖол" компаниясында.
Алматы облысында жалпы ұзындығы 66 шақырым Алматы-Көкпек-Қорғас автомобиль жолы учаскесінде күрделі және орташа жөндеу жүруде, ол 2018 жылы аяқталмақ. Жөндеу жүргізу нәтижесі Көлсай өзені бағытына жайлы жүріп өтуді қамтамасыз етеді. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында ұзындығы 64 шақырым «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз автомобиль жолы учаскесінде жөндеу жүруде, жұмыстардың аяқталуы – 2017 жылдың қазан айы. Павлодар облысындағы Баянауыл бағытында ұзындығы 73 шақырым Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновск автожолы учаскесінде жөндеу жүруде, жұмыстардың аяқталуы – 2017 жылдың қазан айы.
Шығыс Қазақстан облысында Көк шығанаққа және Рахман бұлағына алып баратын автомобиль жолы учаскелеріне орташа жөндеу (31 шақырым) қамтылған, аяқталуы 2017 жылдың қазан айы. Маңғыстау облысындағы Кендерлі курорты бағытында ұзындығы 55 шақырым Жетібай-Жаңаөзен-Кендерлі автожолы учаскесінде жөндеу жүруде. Жұмыстарды аяқтау қазан айына жоспарлануда. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыстан баб кесенесіне Кентау-Түркістан-Шәуілдір-Төрткөл автожолы алып барады, қазіргі уақытта учаскелерде орташа жөндеу жүруде. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ұзындығы 53 шықырым 3 учаскеде жөндеу аяқталады.
Сонымен бірге, Ақмола облысында ұзындығы 80 шақырым Шучье-Зеренді автожолын қайта құру басталды. Қайта құруды 2019 жылы аяқтау жоспарлануда. Қорғалжын табиғи қорығына Астана-Қорғалжын автожолы учаскесіне ағымдағы жылы орташа жөндеу жүргізілуде.
Сондай-ақ, Шучье-Бурабай автожолының 16 шақырымын орташа жөндеу қамтылған. Бурабай елді мекенінің орталығында 2 шақырым жол учаскесінің маңайындағы аумағын абаттандырумен қоса жөндеу жүргізілген. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі және жайлылығы үшін түнгі уақытта жарықпен қамтамасыз етілген арбат салынып, тұрғындардың және туристердің демалысы үшін орындықтар орнатылған. Қозғалыстың қарқындылығын және автокөліктердің көп шоғырланатынын ескере отырып, жеңіл автокөліктер үшін автотұрақтар салынған. Қазіргі заманға сай аялдамалар және қоршаулар тұрғызылды. Қазіргі уақытта Бурабай елді мекенін абаттандыру бойынша жұмыстар толық аяқталды.
-
Көктемгі су тасқыны: алдын алу шаралары, су басқан аймақтарға көмек
-
Бас прокуратура: Демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі
-
Astana Hub тәжірибесін аймақтарға жеткізеді
-
Абай175: Ұлы ақын туғaн өңiр туристік нысанға айналды
-
Алматыда туристік орындарға баруға шектеулер енгізілді
-
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
-
Д.Рыспеков: Туристік инфрақұрылымды дамыту үшін 51,5 млрд теңгеге 44 жоба жүзеге асырылды
-
Қазақстанда 2020 жылы туристік маусым бола ма
-
Қазақстанда бес жыл ішінде 10 мың км автожол жөндеуден өтеді және салынады
-
Түркістанда күрделі жөндеуден өткен саябақ ел игілігіне берілді
-
Нұр-Сұлтан қаласының туристік әлеуеті қандай?
-
Ұлы дала елі- Туристік индустрия мен экспортты дамытудың жолы
-
Сенат спикері Қазақстанның туристік және инвестициялық тартымдылығы туралы айтып берді
-
PATA - туристік саланы дұрыс дамытуға арналған тетік – М.Харди
-
ИИДМ: Билет тапшылығы, автожолдардың жөнделуі және сыбайлас жемқорлықпен күрес

