- Басты
- Жаңалықтар
- Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің жобасын іске асыру барысы туралы (ВИДЕО)
Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің жобасын іске асыру барысы туралы (ВИДЕО)
«Энергетика кешені кез келген ел экономикасының дамуында ерекше орын алады. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында энергетика кешенін дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Энергетика кешенін дамыту тұрғысында біз «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитінің 500 кВ әуе желісінің құрылысы жайында айтамыз. Қазақстанның аумағы айтарлықтай үлкен. Тұтынушыларды энергиямен тұрақты қамтамасыз ету үшін осы электр энергиясының тұтынушыларға жеткізілуін қамтамасыз ететін желілерді салу қажет», - деп түсіндірді Б. Жақсалиев.
Оның айтуынша, Қазақстанда табиғи энергетикалық ресурстар шоғырланған аймақтар бар және осы өңірлердегі генерация едәуір көлемде орын алады.
«Солтүстік өңір басқа өңірлер үшін донорға айналып келеді. Осылайша, солтүстіктің қуаттылығы бойынша профицитті аудандарынан оңтүстіктің қуаттылығы бойынша тапшы аудандарына электр энергиясы мен қуаттылықтың жеткілікті көлемін беру қажет. Бұдан бөлек, оңтүстік өңір экономикалық дамудың жоғары қарқынына ие. «Солтүстік-Оңтүстік» жобасы болашақта расталады», - деді вице-министр.
«Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» жобасының өзі 2 кезеңмен іске асырылады. Бірінші кезеңге 500 кВ «Екібастұз – Шұлба ГЭС - Өскемен» желі құрылысы енгізілген.
«Осы тармақты іске асырудың мақсаты желінің өткізу қабілетін ұлғайту және Шығыс Қазақстан облысындағы қуаттылық тапшылығының өтелуін қамтамасыз ету болып табылады. Бірінші кезеңді іске асыру мерзімі – 2011-2017 жылдар. Жоба құны 53,3 млрд теңгені құрайды», - деп ақпараттандырды спикер.
Бақытжан Жақсалиев толық қаржыландыру «KEGOC» компаниясының қаражаты есебінен жүзеге асырылатынын және бүгінде барлық құрылыс-монтаж жұмыстары сәтті аяқталғанын жеткізді.
«500 КВ электр өткізу желілері салынды, бұл «Екібастұз – Шұлба ГЭС-Өскемен». Жалпы ұзындығы - 598,5 км және 220 КВ. Барлық қосалқы станциялардағы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды», - деді энергетика вице-министрі жобаның бірінші кезеңі жайында.
Еске сала кетейік, бірінші кезең өткен жылғы 6 желтоқсанда іске қосылған болатын.
«Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзиттік дәлізінің екінші кезеңіне 500 КВ «Шұлба ГЭС – Ақтоғай – Талдықорған - Алматы» желісінің құрылысы енгізілген. Осы жобаның іске асырылуы «Солтүстік-Оңтүстік» бағытындағы ұлттық электр желісінің транзиттік әлеуетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
«Бұл жобаны іске асыру мерзімі – 2012-2018 жылдар. Жоба құны 105,5 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру компанияның өз қаражаты есебінен де және «KEGOС» АҚ купондық облигациясымен 47,5 млн теңгені құрайтын БЖЗҚ-дан алынған қаражат есебінен де жүзеге асырылады. Екінші кезеңді іске асыру кестеге сәйкес жүргізілуде, қазіргі уақытта объектінің барлық учаскелерінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы ұзындығы 883 км құрайды, желілер – 500КВ», - деп қорытындылады вице-министр Бақытжан Жақсалиев.
Вице-министрдің хабарлауынша, «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзиттік дәлізінің 434 км-і салынып болған, соның ішінде 2017 жылы 270 км салынған.
Ақбота Күзекбай
Видео Арман Мұхатов
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды