ОҚО-да таза ауыз су шығаратын зауыт іске қосылды

10 Тамыз, 2017 14:34
Түлкібас ауданы Күмісбастау ауылында жаңа технологиямен қамтамасыз етілген «АQUA SEREBRO» табиғи бұлақ суы зауыты іске қосылды.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде хабарлағандай, зауыттың жұмысына жалпы құны 250 млн қаржы жұмсалған. Жаңадан 26 адам жұмыспен қамтылып отыр. Зауыттың қуаттылығы сағатына 1000 дана 5 литрлік және 5000 дана 1 литрлік құтыдағы ауыз суы шығарылады. Зауытты«А-СПЕКТР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда.

Жаңа цехтағы барлық технологиялық процесс сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Өндірістік қабатта химиялық, бактериологиялық зертханалардың орналасуы өнім сапасын жан-жақты тексеруге аса қолайлы болуда.

Аудан әкімдігі алдағы уақытта осындай тамаша табиғат аясында табиғатқа зиян келмейтін өндіріс орындарын салып, аймақ халқына таза табиғи өнімдермен қамтуды көздеуде.

Барлық жаңалықтар