Балқашта 60 отбасы қоныс тойын тойлады

10 Тамыз, 2017 10:56
Қарағанды облысының Балқаш қаласында 60 отбасы қоныс тойын тойлады, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

Жаңа үй «Өңірлерді дамыту»  мемлекеттік бағдарламасы  бойынша  10-шы шағын ауданда салынды.

«Өзінің  80 жылдық мерейтойында Балқаш қаласы гүлденудің жаңа кезеңіне көшуде. Жыл санап  оның көшелері мен  жолдары, нысандары мен үйлері өзгеріп тұрады. Қалалықтар өмірінде қуанышты сәттер жиі орын алып тұрады. Бүгін олардың кейбіреуі үшін өте қуанышты күн», - деді Балқаш әкімі Александр Аглиулин.

Қоныс тойын тойлаушылар арасында  балалар үйінің тәрбиеленушілері, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым  жұмысшылары, әскерилер бар.

Айта кетейік,  өңірлерді  дамыту -2020 бағдарламасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы  аясында жүзеге асырылды.  

Барлық жаңалықтар