- Басты
- Жаңалықтар
- Беларусь 2 жылда орташа есеппен бір су электр станциясын іске қосады – А.Ничкасов
Беларусь 2 жылда орташа есеппен бір су электр станциясын іске қосады – А.Ничкасов
Ол атап өткендей, мемлекетте өзгеде жаңартылған энергия көздері зерттеліп, енгізу жұмыстары белсенді жүргізілуде.
«Беларусь өзендер мен көлдерге бай дәстүрлі мемлекет. Бізде су электр станцияларын салу бойынша бүтін бір бағдарлама бар. Орташа есеппен 2 жылда бір су электр станциясын пайдалануға береміз. Соңғы 5-10 жылдағы динамика осындай. Беларусь Республикасында жаңартылған энергияның өзгеде түрлерін зерттеу және енгізу жұмыстары жүргізілуде. Олар энергокөзін өндіру үшін биомассаны пайдаланатын биотехнология. Бұдан басқа, сұйық отын мен көгілдір отын шығарылады. Біздің мемлекеттің жел ресусрстары да жеткілікті, осы ретте Беларусияның солтүстік-батыс аймақтарында жел энергиясын өндіретін қуаттылықтар орнатылған. Сонымен қатар бізде, еліміздің геотермалды көздерін пайдалану бойынша зерттеулер жүргізілді», - деді А. Ничкасов.
«Астана ЭКСПО-2017»ҰК»АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, Беларусияда ЖЭК дамытудан басқа атом электрстанциясын құру жобасы жүзеге асырылуда.
Ничкасовтың айтуынша, 2020 жылға қарай бұл станция толық режимде жұмыс істейтін болады. АЭС құрылысы МАГАТЭ-ның талаптары мен ережелеріне сай жүргізілуде.
«Бүгінде біз атом электр станциясының құрылысын жүргізудеміз, оның жұмысы барысында ең соңғы үлгідегі реактор пайдаланылуда, оның үш деңгейлі қауіпсіздік жүйесі бар», - деді А. Ничкасов.
Сөз соңында елші алдағы күндері Ұлттық күнді атап өтуге арналған мерекелік шараның өтетінін және оған БР премьер-министрі Андрей Кобяковтың қатысатынын жеткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері