• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысында апаттық жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешіледі

Қызылорда облысында апаттық жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешіледі

10 Тамыз, 2017 10:21
Қызылорда облысында жаңа оқу жылының басына дейін апаттық жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешіледі, деп хабарлады ortcom.kz.

Мектептердегі  үш ауысымды  оқытуды  жойған соң, өңір басшылығы  апаттық жағдайдағы мектептер мәселесімен айналысады.

«2013 жылдың 1 қаңтарында апаттық жағдайдағы мектептер саны  37-ні құрады.  2016 жылы  жергілікті бюджет  есебінен  соңғы  12 мектептің  құрылысын бастадық.  Ағымдағы жылдың  мамыр айында  салтанатты түрде  9 мектеп пайдалануға берілді.  Осылайша, өңірдегі апаттық жағдайдағы мектептер мәселесі шешіледі», - деді  облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов  Қызылорда облысының мәдениет күндеріне арналған  Орталық коммуникациялар қызметінің  отырысында.

Р. Рүстемов айтып өткендей,  Қызылорда облысы  ҰБТ қорытындысы бойынша, үздік бестіктің қатарында  тұр. 2016 жылғы  оқу жылында  түлектердің  95 пайызы  колледж бен ЖОО студенттері атанды. Биылғы жылы да жоғары көрсеткішке қол жеткізілді. 2017 жылы ҰБТ-дағы орташа балл  облыс бойынша  82,4 баллды  құрады. Ал, тесттен өткендердің  20 пайызы  100-ден астам балл жинады.

«2018 жылы жұмысқа тұру үшін алғашқы топ шығарылады, оны жүзеге асыруға бар күшімізді салмақпыз», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Барлық жаңалықтар