- Басты
- Жаңалықтар
- Литва ЭКСПО-2017 көрмесінде өз елінің паспортымен таныстырды (ВИДЕО)
Литва ЭКСПО-2017 көрмесінде өз елінің паспортымен таныстырды (ВИДЕО)
«Біз Литва туралы кітап шығардық, онда Литва деген не және литвалықтар қайдан келді деген бірқатар сұрақтарға жауап беріледі. Біз Еуропаның Оңтүстігінен, Италиядан немесе Грециядан келдік деген нұсқа бар. Тағы бір нұсқа бойынша біз Үндістаннан шыққанбыз және литва тілі санскрит тіліне жақын болып келеді», - деді В. Наудужас.
Сондай-ақ, елші әлемге белгілі литвалықтарды атап өтті, олардың ішінде актерлер Чарльз Бронсон, Джейсон Судейкис, Рута Ли, режиссер Роберт Земекис және әлемге аты шыққан басқа да белгілі литвалықтар бар. Елші сонымен қатар литвалықтардың көбі көшіп кеткенін және әлемде олар қанша екенін санап білу мүмкін еместігін айтты.
«Литвалықтар қайда тұрып жатыр, біздің санымыз қанша? Бірінші қала - бұл әрине Вильнюс, ал екінші қала? Мүмкін Чикаго немесе Лондон болар. Бұл сұраққа тек халық санағын жүргізу кезінде ғана жауап беруге болады, алайда, санақта "сіздің ұлтыңыз" деген жол жоқ, сондықтан, нақты анықтап білу мүмкін емес. Осы уақытқа дейін өте көп адам көшіп кеткен. 1 млн-нан астам адам АҚШ-та, тағы 1 млн-нан астамы ЕО-ның басқа елдерінде тұрып жатыр. Біразы Ресей мен Қазақстанда тұрып жатыр. Біз адамдарымыз Карлаг және басқа да лагерьлерге жер аударылған кезде оларды құтқарып қалған қазақ халқына алғысымызды білдіреміз. Олардың қатарында литва әскерінің офицері ретінде жер аударылған менің атам да бар еді, оны қазақстандықтар құтқарып қалды. Тағы да шын жүректен үлкен алғыс айтамын", - деп түйіндеді елші.
Қайрат Жандыбаев
Видео Арман Мұхатов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері