• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кез-келген адам өз ұсынысын бере алады (ВИДЕО)

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кез-келген адам өз ұсынысын бере алады (ВИДЕО)

10 Тамыз, 2017 09:13
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кез-келген елорда тұрғынының өз ұсынысын беру мүмкіндігі бар. Бұл туралы қаланың Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Қаналимов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асыру мәселелері бойынша сараптамалық топтың отырысында хабарлады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында болып жатқан шаралар бір реттік емес, бұл сараптамалық топтың отырысы және ол «Рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру аясында құрылды. Сараптамалық топтың мақсаты кез-келген елорда тұрғынынан келіп түскен ұсынысты қарастырып, оны одан ары жүзеге асыру. Әрине, егер ұсыныс «Рухани жаңғыру» мақсаттарына сәйкес келсе біз оны міндетті түрде одан ары жүзеге асыруға қолға аламыз», - деді Ерлан Қаналимов.

Спикер атап өткендей, «Атамекен», «Рухани қазына», «Тәрбие және білім» және «Ақпарат толқыны» базалық төрт бағдарлама аясында жергілікті тұрғындардан ұсыныстар жиналыстырылады. 

«Біз ол ұсыныстардың барлығын қосамыз, олар Астана бағдарламаларының реестрінде болады. Бағдарламаның өзі үш кезеңде жүзеге асырылады: 2017 мен 2022 жылдар, 2023 пен 2026 және 2027 мен 2030 жылдар аралығында. Яғни, бұл бағдарлама бір күндік емес, шаралар барша халықты қамтуы тиіс», - деп түсіндірді Ішкі саясат басқармасының басшысы.

Осы ретте, Ерлан Қаналимов «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша тұрғындар қалай өз ұсыныстарын бере алады деген сұраққа жауап берді.

«Астанада жеке аймақтық кеңсе құрылған. Аталмыш кеңсенің сайты мен байланыс номерлері барлық БАҚ жарияланған Астана әкімдігінің ресми сайтында «Рухани жаңғыру» арнайы бөлімі бар. Біз барлық ұсыныстарды қарастырамыз және ол біздің мақсатымызға сай болып келсе міндетті түрде жүзеге асырамыз», - деп түйді Е. Қаналимов.

Естеріңізге сала кетейік, «Рухани жаңғыру» бағарламасын жүзеге асыру аясында Астанада Меценаттар клубы ашылды, оның құрамына елорданың ірі бизнесмендері мен кәсіпкерлері енді.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар