2014 жылы Қостанайда Харьков трактор зауытының тракторлары өндіріледі

31 Желтоқсан, 2013 12:23
2014 жылы Қостанайдағы «АгромашХолдинг» АҚ базасында «Серго Орджоникидзе атындағы Харьков трактор зауыты» ААҚ тракторлары өндіріле бастайды, деп хабарлайды Қостанай облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Қостанайда, жалпы Қазақстанның барлық өңірінде қолданыста жүрген атақты ESSIL комбайндарынан басқа Харьков трактор зауытының өнімдерін де өндіру жоспарланып отыр. Өндірістің моделі мен ерекшеліктерін біздің мамандар игеріп алды», - дейді «АгромашХолдингтің» басқарма төрағасы Алексей Сидоренко.

Естеріңізге сала кетейік, Серго Орджоникидзе атындағы Харьков трактор зауыты – жылына түрлі нұсқадағы 2 мың трактор шығаратын украиндық кәсіпкерлік болып табылады.

Барлық жаңалықтар