- Басты
- Астана ауруханаларындағы медициналық іріктеу жүйесі қалай жұмыс істейді
Астана ауруханаларындағы медициналық іріктеу жүйесі қалай жұмыс істейді

«Медициналық сақтандыруға көшу қарсаңында үлкен дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте біз, яғни дәрігерлер тарапынан емделушілерге қызмет көрсетудің жаңа әдісін ұсынуымыз қажет, ол өз алдына қызмет көрсетудің сапасын жақсартып, қолжетімділікті арттыруы қажет. Сондықтан сақтандыру медицинасы кезінде бұл жұмыс тиімділігін арттыратын негізгі өлшемдердің бірі болуы керек», - деді Астана қ. әкімдігінің қалалық №2 ауруханасының бас дәрігері Иван Ли.
Ауруханадағы триаж жүйесі (емделушілерді іріктеу) 2,5 ай бұрын ЭКСПО көрмесі басталғанға дейін енгізілген болатын. Осы уақыт аралығында ауруханаға 250-ден астам адам қаралды, оның ішінде шетелдік азаматтар да бар. Емделушілерді қабылдаудың біріншілік жүйесі - жедел, жоспарлы және дәрігерлік көмекке өзіндік жүгіну сынды «іріктеуді» білдіреді.
Айта кетейік, аталмыш триаж жүйесі барлық әлем бойынша енгізілген және тиімді қолданыс үстінде. Көмек көрсетудің бірнеше түрі (ағыны) бар. Қызыл ағын – өміріне қауіп төніп тұрған емделушілерге жедел көмек көрсету, сары ағын – бұнда да жедел көмек көрсетілуі тиіс, дегенмен адам өміріне қауіп төніп тұрмаған жағдайлар, жасыл ағын – емделушіні қабылдау, қажетті жағдайда ауруханаға жатқызу үшін жоспарлы жолдама беру. Бұл кезекті төмендетуге көмектеседі.
«Бұл құрылымдық жүйенің ерекшелігі – кеңселік емес жүйе. Емделуші аурухананың күту залына не қаралу бөлмесіне келген соң, дәрігерлерді қоса алғанда, түрлі медициналық жабдықтар, емделушінің жанына «келеді». Емделуші көмекке жүргіну үшін дәрігерлердің кабинеттерін аралап жүрмейді. Медициналық көмекке зәру, ауырып тұрған емделуші кезекке тұрмайды», - деді бас дәрігер Иван Ли.
Ауруханада арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленді, ол онлайн режимінде емделушіге көмек қалай көрсетіліп жатқанын көрсетеді.
Жүйенің артықшылықтары туралы айтқан дәрігердің сөзіне қарағанда, медициналық сараптау емделушілердің тарапынан түсетін шағымдардың азаюына септігін тигізген.
1 тамыздан бастап Астана қаласының барлық медициналық ұйымдарында ұйым басшыларының суреттері бар стендтерді және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беретін ақпараттарды орналастыру жоспарлануда. Кез-келген азамат Call center, WhatsApp, Facebook, Instagram сынды әлеуметтік қосымшалардың көмегімен өз ұсыныстарын білдіріп, қажетті ақпаратты біле алады.
-
Зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш қалай және қайда жіберіледі
-
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы
-
Елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді
-
Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
-
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауы қалай өтті
-
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп қалай бақыланып жатыр
-
ҚР сайлау: Барлық сайлау учаскесінің жұмысы басталды
-
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды
-
2021 жылы медициналық сақтандыру үшін кім қанша төлейді
-
Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 2020 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Қазақстанда полиция қызметін модернизациялау процесі қалай жүріп жатыр
-
Сайлауалды үгіт-нсихат жұмыстары: тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтату, педагогтар жалақысы, газдандыру мәселесі
-
Жыл қорытындысы: Парламентте қабылданған Заңдар, Үкіметтің пандемия кезіндегі жұмыс нәтижелері

