- Басты
- Жаңалықтар
- Тараз қаласында газ құбырын қайта жаңарту жұмысы қазан айында аяқталады
Тараз қаласында газ құбырын қайта жаңарту жұмысы қазан айында аяқталады
2017 жылы облыс бюджетінен Жаңатас қаласындағы 3 жобаға 222,73 млн теңге бөлінді. (Оның ішінде сумен қамту желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтауға 166,752 млн теңге (1-кезең), сумен қамту желілерін тұтынушылар шекараларына дейін жеткізу жұмыстарын толық бітіруге 28,278 млн теңге (2-кезең) және кәріз желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыруға 27,7 млн теңге). Сонымен қатар, Қаратау қаласының тұтынушыларын сумен қамту желілерін жеткізу мақсатында 298,4 млн теңге және су бұру желілерін тұтынушыларға жеткізуге 74,6 млн теңге бөлінді. Жұмыс наурыз айында басталған. Қазіргі таңда жоспардағы 2940 тұрғын үйдің 2000 үйіне сумен қамту желілері жеткізілген. Ал кәріз желілері бойынша жұмыстың 22%-ы орындалған.
Өңір әкімдігінде хабарлағандай, облыстағы 377 елді мекенінің 178 газбен толық жабдықталған, яғни 47,2% құрайды.
Биылғы жылы 96,3 шм газ құбырларын жөндеу жоспарланған. Жоспарланған 13,0 шм күрделі және 1,3 шм ағымды жөндеу жұмыстары 71 % орындалды.
Тараз қаласындағы 82 шақырымды қайта жаңғырту инвестициялық бағдарламасы бойынша (ҚазТрансГазАймақ) жұмыстар ағымдағы жылдың шілде айында басталып, бүгінгі таңда 10 шм немесе 12% ауыстырылды. Жоспар бойынша жұмыстар қазан айында аяқталады.
Қыс мезгілінде тауарлық газ жетіспеген жағдайда қолданатын Ақыртөбе ауылындағы (ПХГ) жер асты газ сақтау қоймасына 133,4 млн м3 тауарлық газ қорын құйып, сақтау жоспарланған. Қазіргі таңда жинақталған газ көлемі 77,2 млн текше метрді құрайды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады