- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жедел жәрдем қызметінің екі деңгейлі үлгісі жасалады
Қазақстанда жедел жәрдем қызметінің екі деңгейлі үлгісі жасалады
Ләззат Ақтаева Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халық денсаулығын нығайту болып табылатынын мәлімдеді. Жеті негізгі бағыт айқындалды, олардың бірі - медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету (МСАК).
«Жыл сайын Қазақстанда МСАК дәрігерлерінің көмегіне 50 млн аса рет жүгінеді. Бір қазақстандыққа 3 жүгінуден, ал ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 6,7-ге тең», – деп хабарлады Л. Ақтаева.
Кешенділікті қамтамасыз ету және медициналық жәрдемнің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін емделушінің қажеттіліктеріне байланысты барлық денсаулық сақтау қызметтерін біріктіру саясаты жүргізіледі.
«МСАК үлгісінің құрылымы қайта қаралды, ол жалпы дәрігерлік практиканың шағын формаларын дамытуға бағытталған. Бұл бір дәрігерге артылған жүктеменің 2019 жылға қарай ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін төмендетуге (1500 адамға дейін) мүмкіндік береді.
МСАК медициналық қызметкерлерінің қызметін жеңілдету үшін есеп және тіркеу формаларының саны 30%-ға қысқартылды, бұл қағаз түріндегі құжат айналымын қысқартуға және медициналық қызметкерлерге және МСАК ұйымдарындағы кезекке жүктемені азайтуға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді вице-министр.
Сондай-ақ, дәрі-дәрмекті бірден 3 айға жеңілдетілген жазып берудің арқасында емделушілердің емханаларға баруға уақыт шығыны едәуір азайды. Ай сайынғы тегін дәрі-дәрмек жазып беру тек қымбат тұратын және сирек препараттар үшін ғана сақталады.
Бұдан өзге, аурулардың бес тобы бойынша ықпалдастырылған үлгі енгізіледі, ол облыстық ауқымдарда медициналық көмек көрсетудің үш деңгейі бойынша денсаулық сақтау ұйымдарын бөлуді қарастырады.
«Жедел жәрдем көрсетуді жетілдіру мақсатында жедел медициналық көмек қызметінің екі деңгейлі үлгісі жасалады. Ақпараттық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесі бар үлгі Павлодар және Қызылорда облыстарында сынақтан өткізіледі», – деп хабарлайды Ләззат Ақтаева.
Сондай-ақ, ол Қазақстанда көп бейінді стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмелерінің жаңа форматын: триаж жүйесі, емделушіге бағытталған әдіс, бөлімшелердің кадрлық және материалдық-техникалық жабдықталуын қайта қарауды енгізу жоспарланғанын атап өтті.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді