• Басты
  • Жаңалықтар
  • Салалық бағдарлама аясында т/ж станцияларында сумен жабдықтау объектілері қайта жаңартылуда

Салалық бағдарлама аясында т/ж станцияларында сумен жабдықтау объектілері қайта жаңартылуда

9 Тамыз, 2017 20:17
"Мөлдір бұлақ" салалық бағдарламасы аясында Алматы жол бөлімшесінің Саз станциясында жаңа сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Бұрын бұл станцияның тұрғындары ауыз суды көршілес елді мекеннен әкелетін.  Өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған су жабдықтау объектілері жөндеу жұмыстарын талап еткен.

 «Санитарлық күзет болмаған, су құбыры соңғы он жыл бойы пайдаланылмаған», - деп «Теміржолсу» АҚ басшысы Қ,Есімханов айтады.

Саз станциясында сумен жабдықтау жүйесін жетілдіру бойынша кең ауқымды жұмыстар «Теміржолсу-Алматы» көмегімен іске асырылды.

Жаңа 50 метрлік ұңғыма, су айдауыш мұнара мен суды тазартатын және фильтрлейтін жабдық орнатылды.

Бұл сумен жабдықтау жүйесі автоматты түрде істейді.

Айта кететін жайт, «Теміржолсу» АҚ «Мөлдір бұлақ» салалық бағдарламасы аясында 432 теміржол станциялары мен республика бөлімшелірінң 728 сумен жабдықтау объектілері реконструкциядан өтті.

Барлық жаңалықтар