• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысында жылжымайтын мүлікті электронды тіркеу бойынша семинар өтті

Павлодар облысында жылжымайтын мүлікті электронды тіркеу бойынша семинар өтті

31 Желтоқсан, 2013 11:03
Павлодар облыстық Әділет департаментінде жылжымайтын мүлікті электронды тіркеу бойынша семинар өткізді, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

«Семинар барысында жылжымайтын мүлікті электронды тіркеу мәселесі бойынша жан-жақты сауалдарға жауап қарастырылып, биылғы жылғы аталмыш бағыттағы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды», - делінген хабарламада.

Аталмыш шара нотариус мен әділет басқармасы қызметкерлері арасындағы диалог түрінде өткізілді.

Семинар қорытындысы бойынша мүлікті электронды тіркеу саласындағы бұдан кейінгі атқарылар жұмыстар нақтыланды.

Барлық жаңалықтар