- Басты
- Жаңалықтар
- Астана төңірегі толық 4G желісімен қамтылады
Астана төңірегі толық 4G желісімен қамтылады
«Астана Innovations» АҚ Басқарма төрғасы Олжас Сартаевтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта елордада 4G желісімен жабдықтауда проблемалар бар.
«"Смарт Астана" жобасы аясында қаласының IТ инфрақұрылымын тексереміз. Атап айтқанда қалада 4G желісімен қамтуды тексеру кезінде «КаР-Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком-Сервис» және «Кселл» АҚ сынды ұялы байланыс операторларымен кездестік. Талқылау нәтижесі бойынша қаланың шеткі аумақтарына дейін байланыс сапасын жақсарту, ғалаомтормен 100% қамтамасыз ету үшін нақты мәселелер анықталды», - деді Сартаев.
Ең басты мәселелер: көпқабатты үйлердің тұрғындары радиофобиядан зардап шегеді, базалық стансаға жақын жаңа құрылыстың салдарынан ғаламтормен жабдықталудың азаюы, ұялы байланыс операторлары үшін бөлінетін радиожелі шоғырының жетіспеушілігі және қосымша базалық стансаларды орнату үшін мүмкіндіктердің жоқтығы.
Бұл тек алдын ала шығарылған болжамдар ғана, әрі қарай тізбек өсе бермек, деп атап өтті «Астана Innovations» басшысы. Компания жүргізген тексеру кезінде проблемалық учаскелерді анықтады.
Бүгінде компания бұл мәселелерді шешу үшін шешімдер ұсынуда. Атап айтқанда бағаналарда жарықтандыруды орнату арқылы, сондай-ақ ағаштардың астынан камуфляждаумен базалық стансалар үшін шешімдерді камуфляждау нұсқасы бар.
Сартаев сондай-ақ мектептерде, емханалар мен басқа әлеуметтік маңызы бар нысандар секілді мемлекеттік мекемелерде және ведомство жанындағы ұйымдарда базалық стансаларды орнату мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.
-
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Зейнетақы жүйесінің дамуы: Қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі -
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
Қазақстан халқы толықтай сапалы ауыз сумен қашан қамтамасыз етілмек -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Астық өнімінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ете ала ма -
Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттай алады, талаптары қандай/Кімдер ПТР тест тапсыруы тиіс -
COVID-19: 6 тамыздағы басты жаңалықтар -
Astana Hub пен ЮНИСЕФ әлеуметтік IT-жобалар конкурсының қорытындысын шығарды -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды