- Басты
- Жаңалықтар
- Франция елшілігі Қазақстан бойынша бірқатар шаралар өткізеді
Франция елшілігі Қазақстан бойынша бірқатар шаралар өткізеді
«Франция-батыс елдерінің арасында ең алғаш болып, 1992-жыл 25-қаңтарда, Қазақстанның егемендігін мойындаған мемлекет. 1992-жылдың қыркүйегінде Президент Назарбаевтың Парижге ең алғашқы ресми іссапары барысында, Қазақстан мен Франция Екіжақты дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы жайында протоколға қол қойды. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары Франция Президенті Франсуа Миттеранның 1993-жылы Қазақстанға іссапары кезінде талқыланды», - деп хабарлады конференцияда.
Қазақстан – 2008-жылдың маусымында Франциямен стратегиялық серіктестік орнатқан Орталық Азиядағы жалғыз ел.
Саясат, экономика, мәдениет салаларында тығыз әрі мазмұнды ынтымақтастықтың орнауының 25-жылдық мерейтойы аясында Франция Елшілігі биылғы жылы Қазақстанның түкпір-түкпірінде көптеген мәдени-саяси ісшаралар ұйымдастыруда. Бұл мәдени маусым 2016-жылдың маусым айында Генерал Де Голльдың Байқоңырға сапарының 50 жылдығын атап өтумен басталып кеткен еді.
Екі ел Мемлекет басшылары, министрлер және парламентарилер арасындағы екіжақты саяси диалог қарқынды түрде дамуда. Біз үнемі үкіметаралық және ведомоствоаралық консультациялар ұйымдастырамыз, келесі үкіметаралық комиссия үстіміздегі жылдың 7-қыркүйегінде Астанада өтеді деп жоспарлануда.
2015-жылдың наурыз айында Астана мен Парижді жалғастыратын тікелей әуе қатынасының ашылуы - екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени алыс-берістің дамуына ықпалын тигізді.
Бүгінде Франция –Қазақстанның негізгі сауда серіктестері тізімінде 6-орынға орналасқан. Ал француз компаниялары –Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосқан ірі инвесторлар қатарынан табылады. Француздардың Қазақстанға құйған капиталының жалпы сомасы – 13,6 миллиард еуроны құрайды.
Қазақстан-Франция Сауда-өнеркәсіп палатасы Франция, франкофон серіктестер мен Қазақстан арасындағы іскерлік қатынастарды нығайтуға және дамытуға өз үлесін тигізуде.
«Экономикалық жағынан алар болсақ, біз уран өндіру (Катко-КазАтомӨнеркәсіп пен Арева арасындағы ортақ өнеркәсіп), темір жол локомотивтері (Альстом), титан құймаларын өндіру (AIRBUS), мұнай (Total), цемент (Vicat), фармацефтика (Санофи), сумен қамсыздандыру (Veolia), агро-индустрия (Danone, Lactalis-Foodmaster, Soufflet) салаларында қарқынды байланыс орнаттық», - деді спикер.
Астана Экспо-2017 көрмесіне де белсене қатысудамыз. Франция ең алғашқылардың қатарында бас комиссарын тағайындап, 2015-жылдың 5-қарашасында Астана Экспо-2017мен Келісімге қол қойды. Ал біздің павильонымыз 1084 шаршы метр аумағымен ең үлкен үш павильонның қатарында.
Мәдени және университеттік байланысымыз да даму үсітнде: 2014-жылдың қыркүйегінде Алматыда Орталық Азия бойынша теңдесі жоқ « Институт Сорбонна-Қазақстан» ашылды, сонымен қатар Қазақстанда үш Француз Альянсы. Ал Астанада бір француз мектебі жұмыс істейді.
Жоғарғы басқару мамандарын дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің қасындағы Мемлекеттік Басқару Академиясы мен Францияның Ұлттық Басқару мектебі арасында байланыс оррнатылған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар