Астанада Халықаралық этникалық сән марафоны өтеді

8 Тамыз, 2017 19:56
Асанада тамыздың 11-де алғаш рет ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме аясында өткізілетін, Украина мен Қазақстанның танымал дизайнерлерінің Халықаралық этникалық сән марафоны өтеді.

Қала әкімдігі хабарлағандай, аталған іс-шараны ұйымдастырушы Астана қаласы Қазақстан халық Ассамблеясы болып табылады. Сән марафонын өткізу идеясы Астана қаласындағы «Оберег» украин қоғамы» қоғамдық бірлестігіне тиесілі.

Іс-шара барысында қатысушыларға танымал дизайнерлердің қайталанбас топтамаларын, қазіргі заман киімдерінде ұлттық үлгілердің көрінісін, этномәдени орталықтарының астаналық шығармашылық ұжымдарының шығармашылық өнерлерін тамашалау мүмкіндігі пайда болады.

 

Барлық жаңалықтар