- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесі әлемдік қоғамды тартуда - Беларусь вице-премьері
ЭКСПО-2017 көрмесі әлемдік қоғамды тартуда - Беларусь вице-премьері
Оның айтуынша, ел Қазақстанмен сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі, сонымен қатар баламалы энергия көздері саласында қызығушылық танытуда. Болашақта ортақ күш салу мемлекетті осы бағыттағы екіжақты ынтымақтастыққа әкеледі.
Беларусь Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылға дейінгі ұлттық стратегиясының қағидаттарын іске асыру ЭКСПО-2017 тақырыбымен тығыз байланысты. Табиғатты қорғау, ресурсты үнемдеу және инновациялық даму типі, ұтымды табиғат пайдалану, халықаралық ынтымақтастықты және әлеуметтік әріптестікті дамыту: осының барлығы Беларусь Ұлттық павильонындағы экспозицияларда көрініс тапқан.
А. Калинин ЭКСПО-2017 көрмесі әлемдік ауқымдағы оқиға екенін атап өтті, оның мақсаты - біздің планетамызды сақтап қалу. Сондықтан, мемлекеттің Көрмеге қатысуы жасыл экономиканың қалыптасу жолында, сондай-ақ әр түрлі салалардағы тығыз екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуда стратегиялық маңызды қадам болып табылады.
«Егер бір сөзбен айтатын болсақ, көрме ұмытылмас әсер қалдырды. Біз қазақстандық достарымыз үшін өте қуаныштымыз, олар әлемдік қоғамды тататын орталық құрды. Қазақстан Республикасы осындай стратегиялық қарқынмен дамып келе жатқанын мақтанышпен айта аламыз. Елбасының дага саясатының арқасында Қазақстан мен Беларусь өңірдегі геосаяси теңгерімді қолдауды одан әрі жалғастырмақ», - деп түйіндеді вице-премьер.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Беларусь Ұлттық павильонында Көрме тақырыбы сәтті ашылғанын атап өтті.
«Мұнда республиканың жаңартылатын энергия саласындағы барлық жетістіктері ұсынылған Бұдан бөлек, Беларусьте шығарылатын өнім де бар. Бұл екінші қабатында көркемөнер галереясы ұсынылған жалғыз павильон. Беларусь халқына сәттілік және табыс тілеймін», - деп түйіндеді төраға.
Айта кетейік, ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында Беларусь Республикасының Ұлттық күнін атап өту рәсімі 13 тамызда өтеді. Іс-шараға мемлекеттің премьер-министрі Андрей Кобяков қатысады.
-
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Тоқаев: Қоғамды жемқорлықпен күресуге кеңінен тарту қажет -
Әлемдегі COVID-19: Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында -
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция -
Экстремизм мен терроризм: Әлемдік қауіппен күрес қызметі жайлы -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
АХҚО-ның Қазақстан экономикасына инвестиция тартудағы рөлі -
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма