2013 жылы Ақмола облысында 200 шаршы метрден астам тұрғын үй берілді

31 Желтоқсан, 2013 09:15
2013 жылы Ақмола облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 2 мыңдай отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген 200 шаршы метрден астам тұрғын үй берілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 20 пайызға артық», - делінген хабарламада.

2013 жылы облыс орталығында Қопа өзенінің бойында тұрғын үй массивінің құрылысы басталды. Құрылыстың аяқталуымен 182 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Барлық жаңалықтар