- Басты
- Жаңалықтар
- Шаңтөбеде мембағдарлама аясында жаңа қазандық салынады
Шаңтөбеде мембағдарлама аясында жаңа қазандық салынады
8 Тамыз, 2017 12:33
Шаңтөбе ауылында құны 1 млрд 243 млн теңге болатын жаңа қазандық салынады. Жоба 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылда. Ағымдағы жылы қомақты қаржының 800 млн теңгесі бөлінген.
Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев Шаңтөбе ауылында болып, жаңа қазандықтың құрылысымен танысты.
Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қала басшысы мердігер компанияның өкілдерімен кеңес өткізді, олар өз кезегінде құрылыс үшін арнайы учаскенің дайындалғанын, қатты отынды сақтауға арналған қойманың ірге тасы құйылғанын жеткізді. Сонымен қатар, арнайы құрал жабдықтарды жеткізу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Осы ретте, Әнуар Күмпекеев, кестеден ауытқулар бар екенін ескертіп, ауылдың әкімі Ержан Мұқанов пен «Шаңтөбе-Энергокомплекс»ЖШС директоры Руслан Птуховқа құрылыс жұмыстарын жылдамдатып, кестеге сай жұмыс істеуін тапсырды.
Атап өтер болсақ, жоба 2018 жылы аяқталады деп жоспарланған.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды