Қазақстан Израильмен қарым-қатынасты нығайта түседі

8 Тамыз, 2017 15:12
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов «Polevoy Group» израилдік агро компаниясының өкілдерімен кездесті.

Ауыл шаруашылығы  министрлігі хабарлағандай,  кездесу барысында шетелдік қонақтар республикамыздың агроөнеркәсіптік секторының даму бағыттарымен танысты.

Израилдік агро компаниясының өкілдері қарым-қатынасты ары қарай дамыту мақсатында, балық және құс өсіру жобаларын қаржыландыру бойынша қызығушылық танытты.

Айта кетейік,  Қазақстан мен Израиль инвестициялау үшін   ортақ қор құрады.

Барлық жаңалықтар