2017 жылғы шілдеде тұрғын үй нарығындағы баға өсті

8 Тамыз, 2017 11:58
2017 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 1,3%-ға өсті.

Ұлттық экономика министрлігі хабарлағандай,  абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату – өзгеріссіз қалды. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,5%-ға жоғары болды.

Айта кетейік,  тұрғын үй нарығындағы бағаны байқау Астанада, Алматы қаласында және облыс орталықтарында құрылыс компанияларын қоса қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың іріктелген шеңбері бойынша жүргізіледі.

Барлық жаңалықтар