• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Беларусь тұрғын үй құрылысы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Беларусь тұрғын үй құрылысы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

8 Тамыз, 2017 11:36
Қазақстан мен Беларусь тұрғын үй құрылысы мен автожол саласындағы ынтымақтастықты нығайтады, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму вице-министрі Роман Скляр Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Анатолий Калининмен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму перспективалары, ағымдағы жағдай мен тұрғын үй құрылыс саласындағы ынтымақтастық туралы мәселелер талқыланды.

 Екі тарап мемлекеттік тұрғын үй және автожол құрылысы бағдарламаларын іске асыру жөніндегі тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, олар іскерлік ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін де талқылады.

Барлық жаңалықтар