- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысындағы колледждерде 27 мыңнан астам студент білім алады
Ақтөбе облысындағы колледждерде 27 мыңнан астам студент білім алады
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында техникалық және кәсіптік білім беру мен қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жүйесінде мамандар даярлау сұрақтары талқыланды.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, соңғы бес жылда республикалық және жергілікті бюджет есебінен 693 млн.-нан астам теңгеге колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайту шаралары қабылданды, 1 млрд.-тан астам теңгеге 18 колледжге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұған қоса, зертханалар мен шеберханалардың технологиялық парктерін, әсіресе аудандық колледждерді жаңарту қажеттілігі әлі бар.
Техникалық және кәсіптік білім беруде 2 342 оқытушы жұмыс істейді, соңғы үш жылда екі мыңнан аса маман біліктілігін арттырды. Арнайы пәндердің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің тағы 122 оқытушысы әлеуметтік серіктестік кәсіпорындарынан тәжірибеден өтті.
Жақын арадағы үш жылда өңірдің білікті мамандарға деген қажеттілігі 7800 маман мен жұмысшыны құрайды. 2017-2018 оқу жылына студенттерді қабылдау үшін жергілікті бюджеттен 4025 орынға қаражат, сонымен қатар, республикалық бюджеттен 1085 орынға трансферттер қарастырылған. Мемлекеттік білім тапсырысы 82, соның ішінде 14 сұранысқа ие мамандық бойынша бөлінген.
Айта кетейік, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында облыста еңбек нарығы талаптарын ескере отыра мамандар даярлау және жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды қысқа мерзімді кәсіби оқыту жүргізілуде.
Түрлі себептерге байланысты кәсіби білім ала алмаған өткен жылдың 9-11 сынып түлектері, сонымен қатар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар «Тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасының қатысушысы бола алады. Олар жатақханамен, шәкіртақымен, ыстық тағаммен қамтамасыз етілетін болады.
Қысқа мерзімді оқыту бағдарламасына 28 колледж 31 мамандық бойынша қатысады. Осының өзінде 1055 тыңдаушы оқытылды. Шалғай елді мекендерде тұратын тұлғаларды оқыту үшін жылжымалы мобильдік оқыту орталықтары қарастырылған.
Облыс әкімі еңбек нарығының талаптарын ескере отыра білікті мамандар даярлау жұмысын күшейтуді, сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруды тапсырды.
Бұдан өзге, жиналыста 2017 жылдың қыркүйек айында «Ақтөбе – құтты мекен» жерлестер форумын өткізуге дайындық сұрақтары талқыланды. Оған әлемнің 15 елінен келетін Ақтөбе облысының 300-ден аса танымал тумасы қатысады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді