- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 10 кәсіпорын жаңғыртылды
Ақтөбе облысында 10 кәсіпорын жаңғыртылды
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында мемлекет басшысының экономиканың жедел технологиялық жаңғыртылуы бойынша тапсырмасының жүзеге асырылуы талқыланды.
Өндіріс орындарын жаңғырту еңбек өнімділігін 9%, яғни 9 АҚШ долларынан 9,8 АҚШ долларына дейін арттыруға, жарақат алу қаупін 5% төмендетуге, өндірудің өзіндік құнын төмендетіп, өнімді қайта өндіруді 2% азайтуға, сонымен қатар, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге ешбір жұмыс орны қысқартылмады.
Осы жылдың соңына дейін тағы 10 кәсіпорын жаңғыртылмақ. Жалпы алғанда, жақын арадағы бес жылда Ақтөбе облысындағы кәсіпорындарды жалпы құны 400 млрд. теңгеге жаңғырту жоспарлануда. Соның ішінде, кен игеру, металлургия, химия өнеркәсіптерінің, машина жасау саласының және т.б. кәсіпорындарын.
«Өндіріс орындарын жаңғырту өнімді неғұрлым бәсекеге қабілетті етуіне және әлемдік нарықта экспортқа бағдарлануына мүмкіндік береді. Әлемнің 50 еліне жеткізілетін ақтөбелік өнімнің экспортын 3,2 млрд. АҚШ долларына дейін арттыру жоспарда бар»,-деп атап өтті Қ.Бекенов.
Бұдан өзге, өңірдегі «Қазхром», «АРБЗ», «АМК» секілді ірі кәсіпорындармен 4.0индустрияландырудың элементтерін енгізу жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін шығарылатын өнім қосымша артып, өндірістік-басқару технологиясы жаңа деңгейге көтерілетін болады.
«Біз Елбасы тапсырмасын орындау үшін барлық шараларды қолданып, әлемнің 30 дамыған елдері қатарына кіруіміз қажет. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары жаңа технологиялар мен инновациялардың енгізілуін бақылап отырулары тиіс. Ғылыми мекемелермен және ғалымдармен неғұрлым тығыз жұмыс жасау керек. Сонда ғана бәсекеге қабілетті өнім шығаратын боламыз,-деп сөзін түйіндеді жиын соңында Б.Сапарбаев.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр