- Басты
- Жаңалықтар
- Итальяндық Базиликата өңірі қалай мұнай өндіріп, табиғатты сақтайды (ФОТО)
Итальяндық Базиликата өңірі қалай мұнай өндіріп, табиғатты сақтайды (ФОТО)
Базиликатаның Италияның оңтүстігінде орналасқанын ескерсек, мұнда жаңартылатын энергия көздерін пайдалану үшін барлық жағдайлар бар. Италияның дәл осы өңірі Еуропаның барлық елдері арасында ең көп мұнай өндіру көлемімен белгілі. Сонымен қатар, табиғатқа ұқыппен қарау мақсатында мұнай өндіру кезінде барынша аз әсер ету қағидаты да ұмытылмайды.
Италияның Экология саласындағы ғылыми кеңесі Әдіснама және талдау институтының өкілі және зерттеушісі Симона Лупперте көрмеде энергетикалық салада қолданылатын әдістер таныстырылатынын атап өтті.
«Біз экология, экологиялық әсер ету және энергетикалық ресурстар саласындағы мәселелермен айналысамыз. Өз жұмысымды мен 10 жыл бұрын бастаған едім. Қазір электр энергиясын өндірудің қоршаған ортаға әсерімен байланысты экологиялық мәселелер саласында ғылыми жұмыс жүргізіп жатырмын. ЭКСПО-2017 көрмесінде мен энергетикалық ресурстарды пайдалану кезінде экология саласында қолданылатын әдістермен таныстырмақпын», - деді С. Лупперте.
Базиликатада табиғи қазбалармен қатар жаңартылатын энергия көздері де пайдаланылады. Атап айтқанда, бұл күн энергиясы және жел электр станциялары.
«Бұдан бөлек, біздің өңірімізде Еуропадағы ең үлкен кен орны орналасқан, ол сондай-ақ энергия көзі де болып табылады», - деп қосты ол.
«Аджип Карачаганак» басқарушы директоры Джерардо Травалио Базиликата мұнаймен ғана емес, сонымен қатар әдемі табиғатымен және сәулетімен де белгілі екенін атап өтті.
«Базиликата өңірі басқа өңірлермен бірге өз бағдарламасымен ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы ұсынысты қабылдады. «Болашақтың энергиясы» тақырыбы біздің өңіріміздің тақырыбына толық жауап береді. Базиликата өңірі жаңартылатын жел энергиясы мен күн энергиясы өндірісіне көп күш салады», - деп түсіндірді Джерардо Травалио.
Сондай-ақ, спикер ЭКСПО-2017 көрмесі туралы өз пікірімен және алған әсерімен бөлісті.
«Мен ЭКСПО көрмесі мен Қазақстан туралы тамаша әсер алдым. Миландағы ЭКСПО-2015 көрмесінде де Қазақстанның павильоны ең жақсы павильондардың бірі болған еді. Мұнда келіп, оған тағы да көз жеткіздім. Базиликата өңірі жаңартылатын энергия көздері саласындағы өз жобаларын таныстыра алатынына өте қуанышты», - деп түйіндеді Д. Травалио.
Айта кету керек, Базиликата аптасы 12 тамызға дейін созылмақ.
Ақбота Күзекбай
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері