- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысына шетелдік елшілер сенім грамоталарын тапсырды (ФОТО)
ҚР Мемлекеттік хатшысына шетелдік елшілер сенім грамоталарын тапсырды (ФОТО)
Мемлекеттік хатшыға рәсім барысында Уругвай Шығыс Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Энрике Хуан Дельгадо Хента, Колумбия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Альфонсо Лопес Кабальеро, Эритрея Мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Петроса Цеггай, Фиджи Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Иоане Найвалуруан, Лаос Халық Демократиялық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Сивиенгфета Фетворасак, Чили Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Родриго Хосе Ньето Матурана, Гватемала Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Гиселу Аталида Годинес Сасо сенім грамоталарын тапсырды.
Гүлшара Әбдіқалықова елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың қызметі елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.
Мемлекеттік хатшы Уругвай Шығыс Республикасының елшісімен кездесуде Уругвай Қазақстанның Латын Америкадағы перспективалы серіктестерінің бірі болып саналатынын айтып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесін сайлау барысында елімізге қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдірді.
«Сауда-экономикалық ынтымақтастық екіжақты өзара іс-қимылдың қозғаушы күші болуға тиіс. Осыған байланысты, тауар айналымын арттыру және өзара инвестиция құю ісіне назар аудара отырып, іскерлік байланыстарымызды жандандыру қажет», – деді Гүлшара Әбдіқалықова Колумбия Республикасының елшісімен кездесуде.
Мемлекеттік хатшы Эритрея Мемлекетінің елшісімен кездесу барысында Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өзіне Сомали мен Эритрея жөніндегі санкция комитеті төрағасының міндеттемелерін алып, Африка мүйісі өңірінде және жалпы осы құрлықта бейбітшіліктің, тұрақтылықтың және қауіпсіздіктің орнауына ықпал етуге ұмтылатынын атап өтті.
Гүлшара Әбдіқалықова Фиджи Республикасының елшісімен әңгімелесуде туризм саласы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттардың бірі болып саналатынына назар аударды. Екі елдің туристік ведомстволары мен компаниялары арасындағы тікелей байланыстарды орнату бұл саладағы өзара іс-қимылды дамытуға серпін береді.
Мемлекеттік хатшы Лаос Халық Демократиялық Республикасының елшісімен кездесуде Қазақстанның сыртқы саясатында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен экономикалық ынтымақтастықты жандандырудың зор маңызға ие екенін атап өтті. Еліміз Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы (АСЕАН) қызметінің тетіктері мен тәжірибесін қолдануға ниетті.
«Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше болуына қолдау көрсеткені үшін Чили Үкіметіне ризашылық білдіреміз», – деді Мемлекеттік хатшы Чили Республикасының елшісімен кездесу барысында.
Гватемала Республикасының елшісімен кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова: «Инфрақұрылым, қаржы, қызмет көрсету, көлік, ауыл шаруашылығы, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі, туризм салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру ынтымақтастықтың маңызды бағыты болуы мүмкін», – деп атап өтті.
Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы барлық елдің өкілдерін көрме аяқталғаннан кейін ЭКСПО аумағында «Астана» халықаралық қаржы орталығы, БҰҰ қолдауымен «жасыл» технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық, IT-стартаптар халықаралық технопарк сияқты іске асырылатын жобаларға қатысуға шақырды.
Гүлшара Әбдіқалықова елшілерге сәттілік тілеп, елдеріміз арасындағы диалогтың сәтті дамитынына сенім білдірді.
Фото Бауыржан Жуасбаев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай