Ақмола облысындағы кәсіпорын қорғаныс шлемдерінің өндірісін арттырады

8 Тамыз, 2017 09:11
2017 жылы қорғаныс шлемдерін шығаратын «KAZ ARMS» кәсіпорны жұмыс көлемін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлады Өңірлік коммуникация қызметі.

2014 жылы ерейментаулық кәсіпкерліктің  қуаттылығы  40 мың шлемді  құраған болатын.  Өткізу нарығы ҚР мен ТМД-ның   күштік ведомстволары. 2017 жылы  кәсіпорын өндіріс көлемін арттыру.

«KAZ ARMS» ЖШС жетекшісі Руслан Крафтың айтуынша, биылғы жылы Ұлттық гвардия мен ІІМ тапсырысы бойынша  кәсіпкерлік  5600 қорғаныс шлемін   259 млн теңгеге шығаруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, қосымша  құрылыс материалдарының цехі іске қосылды.

« «Бизнестің жол картасы-2020»  бизнесті дамыту  және қолдау бағдарламасы  аясында 2017 жылдың маусым айында  бізге   қондырғы сатып алу үшін  208 млн теңге көлеміндегі несиеге рұқсат берді», - деді Руслан Крафт.

Айта кетейік,  бүгінде кәсіпорында 95 адам жұмыс істеп жатыр. Орташа айлық 70 мың теңгені құрайды.

 

Барлық жаңалықтар