- Басты
- Жаңалықтар
- Доминикан Республикасы Қазақстанның стратегиялық әріптесі болуды жоспарлайды
Доминикан Республикасы Қазақстанның стратегиялық әріптесі болуды жоспарлайды
«Бізде демалуға келетін қазақстандықтардың саны жыл сайын артып келеді. Екі ел азаматтарының қолайлылығы үшін біз "Эйр Астана" компаниясымен шартқа қол қойдық. Біздің еліміз ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысып жатқанына өте қуанышты және бірінші кезекте біз Латын Америкасының Кариб өңірінде Қазақстанның стратегиялық әріптесі болуға ниеттіміз және Қазақстанды Орталық Азиядағы стратегиялық әріптес ретінде қарастырамыз», - деп атап өтті Ханс Данненберг.
Сонымен қатар, Доминикан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрі Антонио Иса Конде Қазақстан Республикасының Президентіне ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу мүмкіндігі үшін ризашылығын білдірді.
«Жаңартылатын энергия көздері теңсіздік проблемасын шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Қазіргі уақытта біз шалғайдағы елді мекендерде микрогидравлика құрылысы стратегиясын әзірлеп жатырмыз. Бұл көптеген адамдардың өміріне өзгерістер енгізеді », - деп атап өтті Антонио Иса Конде.
Бұдан бөлек, сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мұндай ауқымдағы көрме бір мемлекеттің күшімен ғана емес, барлық халықаралық қоғамдастықтың ортақ жұмысының арқасында өтіп жатқанын атап өтті.
«Жаңартылатын энергия көздері мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан-Доминикан қарым-қатынастарының одан әрі нығаюы аса маңызды. Доминикан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрінің Қазақстанға сапары екі елдің ынтымақтастығында маңызды рөл атқарады», - деп атап өтті Ерлан Ашықбаев.
Айта кетейік, Доминикан Республикасы Латын Америкасындағы ЖІӨ өсімінде көшбасшы болып табылады.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі қалай өзгерді -
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары