• Басты
  • 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне қатысты тағайындалады

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне қатысты тағайындалады

7 Тамыз, 2017 17:28
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова халықты әлеуметтік қорғау жағдайы мен Үкіметтің әлеуметтік саладағы жоспарлары туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне қатысты тағайындалатынын айтты.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа тәсілін түсіндіру тұрғысында белсенді жұмыс атқаруда. Қазіргі уақытта зейнетақы зейнет жасына жеткендерге бәріне бірдей еңбек өтілін және зейнетақы жинағын қалыптастыруға қатысуды ескерусіз тағайындалады. Келесі жылдан зейнетақы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай берілетіні көзделуде. Осы орайда 1988 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы аударымдарының түсу аралығы ғана есептілініп қоймай, 1998 жылға дейінгі де еңбек өтілі назарға алынатыны болжануда», - деді С.Жақыпова.

Қазіргі зейнетақы төлемдерін тағайындау тәсілі болса, жұмыспен қамтудың қағаз жүзіндегі түріне итермелейтіндіктен, әрі қарай барлық зейнетақы түрінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімі мен азаматтардың жинаған қаржысына байланысты болады.

« 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы мөлшері 14 466 теңгені, ең төменгі зейнетақы 31 245 теңгені құрап, 2017 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша базалық зейнетақы алушылар саны 2 116 609 адамды, ынтымақты зейнетақыны алушылар қатары 2 099 638 адамды межеледі», - деді ол.    

2018 жылдың 1 шілдесінен 2.1 млн зейнеткер үшін базалық зейнетақы 1,8 есеге жоғарылайды (44,7% ең төменгі күнкөріс деңгейінен 74% көп, 45,2% ең төменгі күнкөріс деңгейінен 100% көп алатын болады). Сонымен қатар, қазіргі кезде, зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтардың зейнетке ерте шығу шаралары қарастырылған.

 «Егер жұмыскердің өзінің 1998 жылдан аударатын міндетті зейнетақы жарнасының сомасы, жұмыс берушілердің 2014 жылдан жасайтын жарнасы және ерікті зейнетақы аударымдарының сомасы зейнетақы аннуитетін сатып алуға жеткілікті болса  (ер адамдарға - 7 098 035 теңге, әйелдерге – 9 890 035 теңге), онда ол азамат зейнетке 50 жасында шыға алады», - деді С.Жақыпова.

 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дерегіне қарағанда, мұндай құқықты зиянды еңбек жағдайындағы 640 адам пайдаланған. 2019 жылға таман тағы 1000 адам сәйкес аннуитетті сатып алуға қажетті қорға ие болады.

Айта кетейік, осыған дейін вице-министр  атаулы әлеуметтік көмек аясында шартсыз қаржылай көмекті кім алатынын  атап өткен болатын.

Ақбота Күзекбаай 

Барлық жаңалықтар