• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шахтинсктегі ЖЭО-ның күрделі жөндеу жұмысын 31 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда

Шахтинсктегі ЖЭО-ның күрделі жөндеу жұмысын 31 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда

7 Тамыз, 2017 18:56
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС-да болды. Өңір басшысы ЖЭО жөндеу барысымен танысып, алдағы жылу маусымына дайындық туралы біліп қайтты

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, Шахтинсктегі ЖЭО-да жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бастапқыда ағымдағы жөндеу жүргізіледі деп жоспарланған болатын, алайда, биылғы жылдың наурызында Ерлан Қошановтың шешімі бойынша жөндеу жұмыстарына 300 млн теңге бөлінген. Осының арқасында турбиналардың біреуіне күрделі жөндеу жүргізіп, жабдықты жаңарту мүмкіндігі пайда болды.

Бұдан бөлек, ЖЭО-да бу қыздырғыштар, қазандықтардың бірінші және екінші сатыларының конденсаторлары жөнделуде. Жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр.

Облыс әкімі Ерлан Қошанов ең алдымен станцияның алдағы жылу маусымына дайындығына назар аударды.

«Бұл ЖЭО бес жыл қатарынан бірде-бір апатсыз жұмыс істеп келеді. Көмір сатып алу бойынша проблемалар, смета бойынша үлкен жетіспеушілік, үлкен қарыз болған. Алайда, енді тарифтер өзгеріп, көмірмен байланысты жағдай дұрысталды. Бүгінгі күні үш қазандық пен бір турбинаны жөндеу жұмысы 70 пайызға орындалды. Жұмысты 31 тамызға қарай толық аяқтау жоспарланып отыр», - деп мәлім етті Шахтинск әкімі Сержан Аймақов.

Барлық жаңалықтар