- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы-Бішкек учаскесі күрделі жөндеуден өтеді
Алматы-Бішкек учаскесі күрделі жөндеуден өтеді
«КазАвтоЖол» мекемесінің Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаевтың айтуынша, «Алтын Орда» базары маңындағы автожол арқылы тәулігіне 50 мың автокөлік жүреді.
Мұндағы кептіліс мәселесін шешу мақсатында аталмыш жолдың 16-19 шақырымдары аралығы 8 және 10 жолақты болмақ. Оның екі жолағы транзиттік көліктерге арналса, екі жолағы жергілікті маңға жүретін көліктерге, ал бір жолағы автобусқа, яғни қоғамдық көлікке арналады. 16-шы шақырымда бұрылыс эстакадасы қарастырылады.
««Алматы - Бішкек» автокөлік жолының 786-790 шақырым учаскесі бөлігін кеңейтудің бұған дейінгі жобасына биылғы жылы бірқатар толықтырулар енгізілген болатын. Атап айтқанда, жобаның екінші кезеңінде 18 мың тұрғыны бар «Асыл Арман» ТК тұрғындарының өтініші бойынша аталмыш кешеннен қалаға бұрылатын «Труба» типті жер үсті жолы салынса, сонымен қатар Райымбек ауылы тұсында тағы бір, жоба бойынша төртінші жер үсті жолы қарастырылатын болады», - деді ол.
Екі кезеңінің де жобасын «АстанаСтройПроектСервис-М» ЖШС дайындауда. Тамыз айының соңына дейін «МемСараптама» мекемесінің оң қорытындысы шығады деп жоспарланған. Жобаны толық жүзеге асырудың алдын ала есептеу бойынша құны 12 млрд. теңгеге жуық деп жобаланып отыр. Биылғы жылға 800 млн. теңге бөлінген. Күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылы толығымен аяқталады деп күтілуде.
Жобаны іске асыру мақсатында мемлекет қажеттілігі үшін жер телімдерін алу жұмыстары жүргізілуде. Алуға жататын облыс аумағындағы 53 учаске болса, бүгінгі күнге соның 5-еуі мемлекеттік жер учаскесі, 30-ы алынған, 13-інде алу процесі жүріп жатыр, ал 5 жер учаскесінің иелерімен келіссөздер жүргізілуде.
Облыс әкімінің орынбасары А. Байжанов күрделі жөндеу жұмыстары кезінде сол маңдағы іргелі нысандардың жұмысына кедергі келтірмеуді, уақытша жолдардың бағытын келісіп жасауды тапсырды.
«Бұл жоба өз кезегінде көлік кептелісін шешуге, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне оң ықпалын тигізетін болады», - деді А. Байжанов.
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Елордадағы эпидахуал күрделі -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді -
ҚР сайлау: Барлық сайлау учаскесінің жұмысы басталды -
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды -
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун -
ЖОО-лардағы емтихандар қашан, қалай өтеді -
Коронавирустың екінші толқыны: Жағдай күрделі, бірақ бақылауда