- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Әзербайжанның әскери сүңгуірлері өзара тәжірибе алмасуда
Қазақстан мен Әзербайжанның әскери сүңгуірлері өзара тәжірибе алмасуда
7 Тамыз, 2017 15:58
ҚР ҚК Халықаралық ынтымақтастық жоспарын іске асыру шеңберінде Баку қаласында Қазақстан мен Әзербайжан әскери теңізшілері өзара тәжірибе алмасуда, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Бірлескен оқу-сабақтары барысында апатты және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жұмыс техникасы мен машықтары пысықталуда.
Сонымен, бағдарламаға суасты тереңдігінде дәнекерлеу-кесу жұмыстары, сондай-ақ «Скуба» және «БК» арнайы барокамераларында ашық дем алу схемасын қолдану кіреді. Тәжірибе алмасу барысында қазақстандық әскери қызметшілер сүңгуіршілер оқу орталығының оқу-материалдық базасымен танысты.
«Аталған іс-шара екі елдің Әскери-теңіз күштері арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытудағы конструктивті өзара іс-қимылдың жарқын мысалы екенін атап өткен абзал», - делінген хабарламада.
Қазақстан мен Әзербайжан сүңгуірлерінің бірлескен дайындықтары 2017 жылғы 10 тамызға дейін жалғасады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды